Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша алтынның бағасы түсті
Алматы. 31 қазан. ҚазТАГ– Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша бір трой унциясының бағасы $1173,25 болды.
Бейсенбідегі кешкі фиксингке қатысты трой унциясының доллармен есептегендегі құны 28,75-ке түсті.
Алтынның бір унциясының еуромен есептегендегі бағасы 933,447 (-19,009), британ фунтымен есептегенде 733,465 (-16,941) болды.
Алтынның банкаралық фиксингі әр сауда күні Гринвич уақытымен 10:30-да және 15:00-де жүзеге асырылады. Фиксингтің нәтижесі бүкіл әлем бойынша алтын фьючерстерінің саудасы кезінде бағдар ретінде пайдаланылады. Бағаны қалыптастыруға өзара алтын жеткізетін 5 қаржы институты қатысады.