Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша алтынның бағасы түсті

Күні: 16:56, 14-11-2014.

Алматы. 14 қараша. ҚазТАГ – Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша бір трой унциясының бағасы $1154 болды.
Дүйсенбідегі  кешкі фиксингке қатысты трой унциясының доллармен есептегендегі құны 7,75-ке түсті.
Алтынның бір унциясының еуромен есептегендегі бағасы 926,312 (-5,249), британ фунтымен есептегенде -736,204 (-1,602) болды.
Алтынның банкаралық фиксингі әр сауда күні Гринвич уақытымен 10:30-да және 15:00-де жүзеге асырылады. Фиксингтің нәтижесі бүкіл әлем бойынша алтын фьючерстерінің саудасы кезінде бағдар ретінде пайдаланылады. Бағаны қалыптастыруға өзара алтын жеткізетін 5 қаржы институты қатысады.


Жаңалықтармен бөлісу: