Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша алтынның бағасы өзгерген жоқ

Күні: 17:07, 07-11-2014.

Алматы. 7 қараша. ҚазТАГ – Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша бір трой унциясының бағасы $1145 болды.
Бейсенбідегі  кешкі фиксингке қатысты трой унциясының доллармен есептегендегі құны өзгерген жоқ.
Алтынның бір унциясының еуромен есептегендегі бағасы 923,387 (+2,673), британ фунтымен есептегенде -723,173 (+3,952) болды.
Алтынның банкаралық фиксингі әр сауда күні Гринвич уақытымен 10:30-да және 15:00-де жүзеге асырылады. Фиксингтің нәтижесі бүкіл әлем бойынша алтын фьючерстерінің саудасы кезінде бағдар ретінде пайдаланылады. Бағаны қалыптастыруға өзара алтын жеткізетін 5 қаржы институты қатысады.


Жаңалықтармен бөлісу: