Лондонда жұмадағы кешкі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша алтынның бағасы қымбаттады

Күні: 09:39, 11-02-2019.

Алматы. 11 ақпан. ҚазТАГ– Лондонда жұма күні банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша алтынның бір трой унциясының бағасы $1314,85 болды.
Өткен сауда күніндегі кешкі фиксингке қатысты трой унциясының доллармен есептегендегі құны 3,75-ке өсті. Алтынның бір унциясының еуромен есептегендегі бағасы 1159,7 (+3,05), британ фунтымен есептегенде 1016,25 (+4,24) болды.
Алтынның банкаралық фиксингі әр сауда күні Гринвич уақытымен 10:30-да және 15:00-де жүзеге асырылады. Фиксингтің нәтижесі бүкіл әлем бойынша алтын фьючерстерінің саудасы кезінде бағдар ретінде пайдаланылады. Бағаны қалыптастыруға өзара алтын жеткізетін 5 қаржы институты қатысады.


Жаңалықтармен бөлісу: