Лондоннан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан Air Astana ұшағы Мәскеуде шұғыл қонды

Астана. 28 маусым. ҚазТАГ – Лондоннан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан Air Astana ұшағы Мәскеуде шұғыл қонды, деп хабарлады ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметінен.
«8 маусымда «Эйр Астана» әуе компаниясының «Лондон-Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша КС 942 рейсін орындаған ұшағы екі генератордың бірінің істен шығуы салдарынан жұмыс істемей тұрған ҚКБ (қосалқы күштік бекітпе) жағдайында Мәскеу уақытымен сағат 00:18-де шұғыл түрде қонды», - делінген жұмадағы хабарда.
ААК хабарлағандай, ұшақтың қонуы штатты түрде өтті.
«Қазіргі уақытта ақауды табу және оны жою бойынша жұмыс жүргізілуде. Ұшақтың ішінде болған 93 жолаушының бәрі де «Мәскеу-Нұр-Сұлтан» қосымша рейсі арқылы Мәскеу уақыты бойынша бүгін сағат 09:50-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 11:50) ұшып шығады», - делінген хабарда.

adimage