Ұлттық банк қаңтарда 7,8 трлн теңгеге қысқа мерзімді ноттар шығарды

Күні: 16:09, 28-02-2019.

Алматы. 28 ақпан. ҚазТАГ – 2019 жылдың қаңтарында қысқа мерзімді ноттар көлемі 7,8 трлн тенгені құрады, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
«2019 жылғы қаңтардың соңында айналыстағы ноттардың көлемі жылдың басынан бастап 8,6%-ға ұлғайып, 3 823,8 млрд теңгені құрады. Қысқа мерзімді ноттар эмиссиясының көлемі 2019 жылғы қаңтарда 7 824,3 млрд теңге болды. 27 аукцион, оның ішінде 7 027,8 млрд теңге сомаға 7 күндік ноттарды орналастыру бойынша 20 аукцион, 635,4 млрд теңге сомаға 1 айлық ноттарды орналастыру бойынша 4 аукцион, 52 млрд теңге сомаға 3 айлық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион, 63,0 млрд теңге сомаға 6 айлық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион және 46,1 млрд теңге сомаға 1 жылдық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион өткізілді», - делінген хабарда.
Бұл ретте, Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын өтеу көлемі 2019 жылғы қаңтарда 7 671,3 млрд теңгені құрады.
«Орташа алынған кірістілік орналастырылған 7 күндік ноттар бойынша 8,82%, 1 айлық ноттар бойынша – 8,85%, 3 айлық ноттар бойынша – 8,82%, 6 айлық ноттар бойынша – 8,90% және 1 жылдық ноттар бойынша – 9,03% болды», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: