Ұлттық банк Қазқастаннан ақша алып кетуге қарсы шараларды күшейтпек

Күні: 15:38, 31-10-2018.

Алматы. 31 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан Ұлттық банкі (ҚРҰБ) елден ақша алып кетуге қарсы шараларды күшейтпек, деп хабарлады қаржылық реттеушінің баспасөз қызметінен.  
«Елден ақша алып кетуге қарсы шаралар күшейтіледі. Атап айтсақ, валюталық бақылау жасау мақсатында Ұлттық банк пен қаржы министрлігі арасындағы ақпараттық өзара қарым-қатынасты кеңейту жоспарлануда», - деп хабарлады ҚР ҰБ төрағасы Данияр Ақышев сәрсенбіде.  
Бұған дйеін хабарланғандай, халықаралық жүйелер арқылы Қазақстаннан тысқары жөнелтілген ақшалай аударымдар 2018 жылдың қаңтар-қыркүйегінде Т437,6 млрд құрады, ал сырттан осы кезең ішінде Т255,5 млрд келген.  


Жаңалықтармен бөлісу: