Ұлттық банк басшысы Ақышевтың орнына Досаев тағайындалды

Күні: 16:11, 25-02-2019.

Астана. 25 ақпан. ҚазТАГ – Ерболат Досаев Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышевтың орнына тағайындалды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Мемлекет басшысы ұлттық банк төрағасының басшысы Ақышевтың отставкасын қабылдады және мен мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ұлттық банк төрағасы қызметіне үміткерді келісуге келдім. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұлттық банк төрағасы қызметіне Ерболат Асқарбекұлы Досаевты ұсынып отыр», - деді дүйсенбіде президент әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев сенатта.
Оның айтуынша, Досаев қызметі барысында өзін «білікті қаржыгер ретінде» көрсетті.
«ҚР Конституциясының 55 бабына сәйкес мен сенаттың ұлттық банк төрағасы қызметіне Досаев Ерболат Асқарбекұлын тағайындауға келісім беруін сұраймын», - деді сенаторларға Исекешев.
Сенат қаржылық реттеуші басшысы қызметіне Досаевты тағайындауға дауыс берді.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Досаев 2017 жылдың тамыз айынан бастап вице-премьер қызметін атқарған, тек жақында ғана үкіметпен бірге отставкаға кеткен, ал оның алдында 2016 жылдың мамырынан 2017 жылдың тамызына дейін «Бәйтерек» ҰӘҚ басқарған.


Жаңалықтармен бөлісу: