Ұлттық банк «еншілесі» жарты жылда Т5,6 млрд табыс тапты

Алматы. 23 мамыр. ҚазТАГ – ҚР Ұлттық банкі еншілес компаниясы – «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ жарты жылда Т5,56 млрд табыс тапты, делінген 2018 жылға арналған қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепте.
«Аудиттелген ақпарға сәйкес, 11 маусымнан бастап (құрылған күні) 2018 жылдың 31 желтосқаны аралығында таза табысы Т5,558 млрд құрады», - делінген бейсенбіде Қазақстан қор биржасы сайтында (KASE) орналастырылған «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ есебінде.
Жиынтық активтері - Т310 млрд, жиынтық міндеттері – Т100 млрд, өзіндік капиталы – Т210 млрд. құраған.
Еске салсақ, Қазақстан Ұлттық банкі бір жыл бұрын «Баспана» Ипотекалық ұйымы» АҚ еншілес мекемесінің құрылғаны туралы хабарлаған еді, ол «7-20-25» бағдарламасының операторы болып табылады.

adimage