Ұлттық банк МҚҰ бұзушылықтары туралы: бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілмеуі және микрокредит беру туралы шарттың ҚР заңнама талаптарына сәйкес келмеуі

Күні: 15:36, 25-04-2019.

Алматы. 25 сәуір. ҚазТАГ – 2019 жылдың 1 тоқсанында микро қаржылық ұйымдарға (МҚҰ) қатысты 11 санкция мен шектеулі ықпал ету шаралары қолданылды, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.
«МҚҰ-ға қатысты анықталған бұзушылықтардың қорытындысы бойынша 11 санкция және шектеулі ықпал ету шарасы қолданылды, оның ішінде: айыппұлдар салу және өндіріп алу түрінде 2 санкция; жазбаша ұйғарым түріндегі 9 шектеулі ықпал ету шарасы», - делінген хабарда.
Жүргізілген талдау нәтижелері МҚҰ-да: бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілмеуіне және ЖТСМ дұрыс есептелмеуіне; микрокредит беру туралы шарттың Қазақстан Республикасы заңнамасының2 талаптарына сәйкес болмауына; құжаттық тексеру шеңберінде уәкілетті органға ақпараттың және құжаттардың ұсынылмауына; кредиттік бюроға дұрыс емес мәліметтердің ұсынылуына; қаржылық мониторингке жататын операциялар туралы ақпараттың уақтылы тапсырылмауына байланысты бұзушылықтарға жол берілгендігін көрсетті.


Жаңалықтармен бөлісу: