Алматы. 30 сәуір. ҚазТАГ – Ұлттық банк Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын қабылдады, ол 2019 жылдың 1 шілдесінде қолданысқа енгізіледі, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.
«Қағидалар «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және өзге заңнамалық актілерге сәйкес әзірленіп Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру, және де Ұлттық Банк шығарған тазартылған құйма алтынды сатып алу және (немесе) сату бойынша уәкілетті ұйымдардың операциялар жүргізу тәртібін айқындайды», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, қағидалар Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 18 сәуірде № 18545 болып тіркелген.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанда ауыр қылмыстар саны кешенді шаралар есебінен айтарлықтай төмендеді
10 Ақпан 2025, 15:02