Ұлттық банк резиденттермен және бейрезиденттермен валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібін айқындайтын қағидаларды қабылдады

Алматы. 30 сәуір. ҚазТАГ – Ұлттық банк Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын қабылдады, олар 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.
«Қағидалар «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және өзге де заңнамалық актілерге сәйкес әзірленіп резиденттердің және бейрезиденттердің Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібін айқындайды», - делінген хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, қағидалар Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 15 сәуірде № 18512 болып тіркелген.

adimage