Астана. 11 қазан. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. ҚР Ұлттық банк (ҰБ) төрағасының орынбасары Есжан Біртанов теңгенің әлсіреуіне түсінік берді.
«9 қазандағы жағдай бойынша теңге бағамы Т390,04 / $1 құраған, бұл ретте мұнай бағасы $58,3 /1 барр. болды. Жыл басынан бері теңге 1,5% әлсіреді», - деді Біртанов жұма күні сенаттағы "2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңы жобасының таныстырылымында.
Валюта нарығындағы теңгенің ақырындап әлсіреу қарқынын Біртанов мұнай бағасының төмендеуімен түсіндірді.
«Ағымдағы жылдың тоғыз айында мұнай бағасы орта есеппен $65 /1 барр. деңгейінде болды, бұл 2018 жылғы ұқсас кезеңнен 12% төмен», - деді ол.
Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне түсінік берді
