Ұлттық банк валютаны айырбастау кезінде алып-сатарлық анықталса филиалдарына хабарласуға ұсыныс береді

Алматы. 20 наурыз. ҚазТАГ – Ұлттық банк валютаны айырбастау кезінде алып-сатарлық анықталса филиалдарына хабарласуға ұсыныс береді, деп мәлімдеді Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Ұлттық Банкі валюта нарығындағы ахуалдың тұрақты екендігін және теңге бағамын негізсіз төмендету үшін негіздердің жоқ екендігін хабарлайды. Қазақстан Ұлттық Банкі қолма-қол шетел валютасы нарығындағы ахуалды бақылап отыр. Айырбастау пункттерінде валюталарды айырбастау бағамын көтеру жағдайлары туындаған кезде Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары оларды қарауға және нарықты тұрақтандыру бойынша қажетті жедел әрекет қабылдауға дайын», -делінген қаржылай реттеушінің кеше түнде таратқан хабарында.
Қазақстан Ұлттық Банкі банк жүйесін шетел және ұлттық валютаның қажетті санымен уақтылы толықтырып отыруға дайын екенін хабарлады.
«Қазақстан Ұлттық Банкі және екінші деңгейдегі банктер халық және бизнес тарапынан сұранысты қанағаттандыру үшін қолма-қол, сол сияқты қолма-қол емес шетел валютасының жеткілікті қорына ие», - делінген мәлімдемеде.
Құжатта атап өтілгендей, теңгенің бағамын қалыптастыру іргелі ішкі және сыртқы факторлардың ықпалымен жалғасады, олар қазіргі уақытта қолайлы қалыптасып отыр.

adimage