Алматы. 28 мамыр. ҚазТАГ - Ұлттық Банктегі банктік депозиттердің көлемі 706,6 млрд теңгеге дейін төмендеді, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
«Ақша-кредит саясатының құралдары. 2019 жылғы наурыздың соңында Ұлттық Банктің ақша нарығындағы операцияларының теріс сальдосы (Ұлттық Банктің ашық позициясы) 4,4 трлн теңге болды. Тікелей РЕПО операциялары бойынша Ұлттық Банктің ашық позициясының көлемі 286,5 млрд теңге болды. Ұлттық Банктегі банктік депозиттердің көлемі 706,6 млрд теңгеге дейін төмендеді, оның ішінде депозиттік аукциондар арқылы алынатын өтімділіктің көлемі – 299,0 млрд теңге», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Қаржылай реттеушінің ақпарынша, айналыстағы қысқа мерзімді ноттардың көлемі бір айда 13%-ға ұлғая отырып, 2019 жылғы сәуірдің соңында 4 272,7 млрд теңгені құрады.
«Қысқа мерзімді ноттар эмиссиясының көлемі 2019 жылғы сәуірде 2 935,1 млрд теңгені құрады. 9 аукцион өткізілді, оның ішінде 2 611,4 млрд теңге сомаға 1 айлық ноттарды орналастыру бойынша 5 аукцион (орташа алынған кірістілік – 8,76%), 187,7 млрд теңге сомаға 3 айлық ноттарды орналастыру бойынша 2 аукцион (кірістілік – 8,81%), 90,6 млрд теңге сомаға 6 айлық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион (кірістілік – 8,74%) және 45,5 млрд теңге сомаға 1 жылдық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион (кірістілік – 8,96%)», - делінген хабарда.
Хабарда айтылғандай, Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын өтеу көлемі бір айда 2 090,9 млрд теңгені құрады.
«2019 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 113,4 млрд теңгеге ұзақ мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарды (МЕУКАМ) орналастыруды жүзеге асырды. 3 аукцион өткізілді, оларда 13 жылдық, 18 жылдық, 20 жылдық МЕУКАМ орналастырылды. Олар бойынша орташа алынған кірістілік жылдық 8,62% - 8,76% аралығында болды», - деді Ұлттық банктен.
Оның ақпарынша, нәтижесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 2019 жылғы сәуірде 1,0%-ға ұлғайып, 7 563,6 млрд теңгені құрады.
«Сонымен қатар кірістілік қисығы инверсиялық болып қалады және оның траекториясы неғұрлым күшті теріс ауытқуды көрсетіп отыр, бұл қысқа мерзімді қазынашылық облигациялардың кірістілігі мен ұзақ мерзімді құралдардың кірістілігі арасындағы айырмашылықтың ұлғайғанын көрсетеді», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, ақша нарығында ақша-кредит саясатының операцияларын жүргізу кезінде таргеттелетін (нысаналы) мөлшерлеме болып табылатын TONIA индикаторы1 2019 жылғы сәуірде көбіне Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесінің пайыздық дәлізінің төменгі шегі деңгейінде қалыптасты.
«Сәуірде TONIA-ның орташа алынған мәні жылдық 8,12% (2019 жылғы наурызда – 8,23%) болды», - делінген хабарда.
Сондай-ақ, банкте еске салғандай, Ұлттық Банктің 2019 жылғы 15 сәуірдегі шешімімен базалық мөлшерлеме +/-1%- дық1 дәлізбен жылдық 9,00%-ға дейін төмендетілді.
Ұлттық Банктегі банктік депозиттердің көлемі 706,6 млрд теңгеге дейін төмендеді
