Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бішімбаев бостандыққа шықты

Күні: 18:43, 11-10-2019.

Алматы. 11 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанның бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандык Бішімбаев бостандыққа шықты, деп хабарлады бірқатар қазақстандық БАҚ бұрынғы ҰЭМ адвокаты мен жақындарына сілтеме жасап.
ҚазТАГ ХАА дерек көзінің ақпарынша, Бішімбаевқа отставкаға кетпестен бұрын президент Назарбаев рақымшылық жасаған. Рақымшылықтан кейін оның мерзімі 4 жэлға қысқарған.
Еске салсақ, ҚР бұрынғы ұлттық экономика министрі Қ. Бішімбаевтың сот процесі 2016 жылғы 7 қарашада басталды. Ол 4 наурызда пара алғаны, сеніп тапсырған бөтеннің мүлкін иемдену және ысырап ету бойынша айыпты деп танылды. Сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырды. Атап айтсақ, экс-министр Қызылордада шыны зауытының құрылысы барысында бизнесменнен $2 млн көлемінде пара алған, сондай-ақ «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру барысында пара алған деп айыпталды. Сонымен қатар аталмыш іс бойынша «Байтерек Development» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Аслан Жакупов та 2,5 жылға сотталды. Ол бұрынғы спикер, қазіргі мәжіліс депутаты Қабиболла Жакуповтың баласы болып келеді.
Бұл іс бойынша барлығы 20-дан астам адам өткен, олардың барлығына жазасын өтеудің түрлі мерзімдері тағайындалды.


Жаңалықтармен бөлісу: