Ұлттық экономика министрі жаңа орынбасарын тағайындады

Күні: 15:56, 03-09-2018.

Астана. 3 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстан ұлттық экономика вице-министрі болып Әсет Ирғалиев тағайындалды, деп хабарлады ҚР ҰЭМ сайтынан.
«Қазақстанның Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов министрлік ұжымына жаңадан тағайындалған вице-министр Әсет Ирғалиевті таныстырды. Министр жаңа орынбасардың жинақтаған тәжірибесін, білімі мен кәсіби дағдысын қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін қолданатындығына сенім білдірді», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Ә. Ирғалиев тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Жобалауды басқару орталығының меңгерушісі лауазымын атқарды.
2016 жылғы желтоқсаннан бастап 2017 жылғы шілдеге дейін Қазақстан премьер-министрі кеңесшісі қызметін атқарған.


Жаңалықтармен бөлісу: