Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан моноқалаларындағы тұрғын үй құрылысын жандандыруды ұсынып отыр

Күні: 17:36, 17-11-2014.

Астана. 17 қараша. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. Қазақстанның ұлттық экономика министрлігі (ҰЭМ) қазақстандық моноқалалардағы тұрғын үй құрылысын жандандыруды ұсынып отыр, деп хабарлайды ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.
«Мемлекет басшысының тапсырмасымен ТКШ жетілдіруге, одан өзге, жалдамалы тұрғын үй құрылысына өте қомақты қаражаттардың бөлінгенін сіздер білесіздер. Және біздер қазір жұмыс берушілермен жобаларды бірлесіп жүзеге асыру туралы мәселені қарастырып жатырмыз, соның ішінде моноқалаларда тұрғын үй құрылысы бойынша да. Бұл біздің үкіметке ұсынатын бағыттарымыздың бірі болады деп ойлаймын», - деді Қ. Өскенбаев дүйсенбі күні ҚР парламент мәжілісінде «Нұр Отан» партиясы фракциясының жанындағы өңірлік саясат пен мәслихатпен жұмыс жөніндегі кеңестің «Моноқалаларды дамыту туралы» кеңейтілген отырысында.
«Егер үкімет қолдаса, мен оны қолдайды деп отырмын, онда моноқалаларда біз мамандарды тарту үшін жаңа тұрғын үйлердің құрылысын жандандырамыз», - деп толықтырды ол.
Оның айтуынша, индустрияландыру  бағдарламасы бойынша жобаларды жүзеге асыратын ірі кәсіпорындар мамандарға арналған тұрғын үйдің өткір жетіспеушілігін сезінуде.


Жаңалықтармен бөлісу: