Ұлттық экономика министрлігі қазақстандық ЖОО түлектерін қайта оқытуға мәжбүр

Күні: 13:10, 14-11-2014.

Астана. 14 қараша. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. ҚР ұлттық экономика министрлігі қазақстандық ЖОО түлектерін қайтадан оқытуға мәжбүр болып отыр.
«Мен анда-санда адам жалдау бойынша біздің комиссияларға қатысып тұрамын. Мен бізге ЖОО-ларымыздан кейін қандай студенттер келетінін жай ғана көріп отырамын... Жалпы алғанда, біз оларды қайтадан оқытуға мәжбүрміз. Ал шын мәнінде бізде экономикалық факультеттер тым көп, бірақ мен расын айтқанда жақсы экономист таба алмай әлекпін. Мәселенің еңбек төлемімен байланысты екені түсінікті», - деді ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев жұма күні «Сарапшы-200-Қазақстан» ұлттық бизнестің VI жыл сайынғы экономикалық форумында.
Оның айтуынша, бүгінде білім беруде көптеген пробемалар қордаланып қалған. Министр Сингапур ЖОО-ларында егер түлектер белгілі бір уақыт ішінде мамандық бойынша белгілі бір еңбекақыға жұмысқа тұра алмайтын болса, ЖОО-дағы сол мамандықтың жабылатынын еске салды.
«Бұл менің тәжірибемнен білетін нәрсем», - деді ҚР ұлттық экономика министрлігінің басшысы.


Жаңалықтармен бөлісу: