Ұлттық гвардияда борышын өтеп жүрген Астанадан келген жауынгер Алматы облысында өз-өзін атты

Күні: 17:03, 24-01-2019.

Алматы. 24 қаңтар. ҚазТАГ – Ұлттық гвардияда борышын өтеп жүрген Астанадан келген жауынгер Алматы облысында өз-өзін атты, деп хабарлады ҚР ҰГ «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен.
«2019 жылдың 23 қаңтарында шамамен түнгі 01 сағат 35 минутта ішкі күзетте қызметін өтеп жүрген қатардағы жауынгер Ұласбек Кенжебекұлы Қожан өзіне берілген қарумен басынан атып жаралап, қайтыс болды», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Оқиға Ұзынағаш ауылында 28237 әскери бөлімінде орын алған.
Аталмыш дерек бойынша Алматыдағы әскери-тергеу басқармасы материалды Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеді.
«Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, қызметтік тексеру тағайындалды. Себептері анықталуда. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы марқұм болған қатардағы сарбаздың туыстары мен жақындарына көңіл айтады», - деді Ұлттық гвардиядан.


Жаңалықтармен бөлісу: