Ұлттық киножобалар мәртебесін алуға 60 үміткерді мемлекет қаржыландырады

Күні: 09:49, 02-09-2019.

Астана. 2 қыркүйек. ҚазТАГ - Ұлттық киножобалар мәртебесін алуға 60 үміткерді мемлекет қаржыландырады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
«28 тамыздағы ведомствоаралық комиссияның отырысында ұлттық киноларды қаржыландырудың бірыңғай операторы болып табылатын Ұлттық фильмдерді қолдаудың мемлекеттік орталығы 3-5 маусымда өткен кинотуындыларды таңдау бойынша сараптамалық кеңестің жұмыс нәтижелерін ұсынды. Ведомствоаралық комиссия сараптамалық кеңестің оң қорытындысын алған 60 фильм жобасын қарады», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, «Ұлттық кинематографияны қолдаудың мемлекеттік орталығы» ҰАҚ 2019 жылы наурыз айының соңында құрылған.
Осыдан біраз уақыт бұрын, 13 ақпанда, ҚазТАГ ХАА орталықты құру жоспарлағанын хабарлады. Агенттік содан кейін Ұлттық киноны мемлекеттік қолдау орталығының сараптамалық кеңесінде танымал қазақстандық актерлер Асанәлі Әшімов пен Досшан Жолжақсынов, режиссерлер Адай Әбелдинов пен Сатыбалды Нарымбетов, кинотанушы Олег Борецкий және басқа да танымал кино мен өнер қайраткерлері - бар-жоғы 16 адам болады деп атап өтті.


Жаңалықтармен бөлісу: