Ұлттық олимпиада комитетінің құрамы жаңартылды

   Астана.26 ақпан.ҚазТАГ- Ұлттық олимпиада комитетінің құрамы жаңартылды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
  «ҚР Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев Бас Ассамблея мүшелеріне ұйым президенті ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданғанын хабарлады»,- делінген хабарламада.
   Бас Ассамблея мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша ҚР Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болып қазақстандық боксшы, 2004 жылғы Афина Олимпиадасының күміс жүлдегері Геннадий Головкин сайланды.
   Сондай-ақ ҚР ҰОК Бас Ассамблеясы мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша атқару комитеті мен тексеру комиссиясының келесі құрамы сайланды:
- Бас хатшы Жанар Утешева;
- Жазғы спорт түрлері бойынша Данияр Абулғазин, "Қазақстан Республикасы -үстел теннисі" ҚҰ президенті;
- Қысқы спорт түрлері бойынша вице-президент Мамин Асқар Ұзақбайұлы, "Шайбалы хоккей федерациясы" РҚҰ президенті;
- Жалпы сұрақтар бойынша вице-президент Мырзабосынов Ербол Қуантайұлы, спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі Комитет басшысы;
- Паралимпиадалық спорт түрлерін дамыту жөніндегі вице-президент Сапиев Серік Жұманғалиұлы, Олимпиада ойындарының чемпионы (2012);
- Спортшылар Комиссиясының өкілі ҚР ҰОК спортшылар Комиссиясының өкілі Рыпакова Ольга Сергеевна, Лондон Олимпиадасының чемпионы (2012), Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері (2008) және Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері (2016).
- Ахметов Даниал Кенжетайұы, "Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика федерациясы" РҚҰ президенті;
- Баландин Дмитрий Игоревич, Олимпиада ойындарының чемпионы Рио-де-Жанейро (2016);
- Гаджиев Гаджи Шопиевич, "Ауыр атлетика федерациясы" ҚҰ бірінші вице-президенті;
- Есекеев Қуанышбек Бақытұлы, "Дзюдо федерациясы" РҚҰ президенті;
- Сүлейменов Диас Төлеутайұлы, "Қазақстан Республикасы Ұлттық шаңғы қауымдастығы" президенті;
- Өтемұратов Болат Жәмитұлы, "Теннис федерациясы2 РҚҰ президенті;
- Юсупова Әлия Мақсұтқызы, "Қазақстан гимнастика федерациясы" ҚҰ президенті.
- Төраға Алпамысов Абай Әбдісәметұлы, "Ұлттық Баскетбол федерациясы" РҚҰ президенті.
- Серіков Роллан Серікұлы, Qazaq kuresi федерациясының президенті;Әшімбеков Раббани Абдукамалович, "Қазақстан гимнастика федерациясы" ҚҰ бас хатшысы.

adimage