Ұлттық қор активінде алтын үлесі 5% дейін құрайтын болады – президент жарлығы

Күні: 11:12, 08-08-2019.

Алматы. 8 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің Ұлттық қор қызметінен байланысты өзгерістер туралы айтты.
«Менің жарлығыма сәйкес, Ұлттық қор қаржысын қалыптастыру және қолдану тқжырымдамасына өзгеріс енгізілді. Енді Ұлттық қордың жинақтаушы активтеріндегі алтын үлесі 5% дейін құрайтын болады. Бұл Ұлттық қор активтерінің сақталуы мен қорғалуын арттыру үшін керек», - деп мәлімдеді мемлекет басшысы өзінің Twitter-аккаунтында.
Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев Ұлттық қор активтерін әртараптандыру саясатын жүргізу туралы жарлыққа қол қойған болатын.


Жаңалықтармен бөлісу: