Ұлттық спорт түрлері ҚР міндетті білім беру бағдарламасына енгізілуі мүмкін

Астана. 9 желтоқсан. ҚазТАГ – Ұлттық спорт түрлері ҚР міндетті білім беру бағдарламасына енгізілуі мүмкін, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Дене шынықтыру және спорт түрлері туралы» заңға енгізілген түзетулер аясында «Білім беру ұйымдарындағы дене тәрбиесі және спорт» бабына өзгеріс енгізу күтілуде.
«Дене тәрбиесі келесідей жүргізіледі: мектепке дейінгі ұйымдарда аптасына үш сағаттан кем емес көлемде, соның ішінде бір сағат ұлттық спорт түрлері бойынша, жалпы білім беретін мектептерде аптасына үш сағаттан кем емес көлемде, соның ішінде бір сағаты ұлттық спорт түрлері бойынша, колледждерде аптасына төрт сағаттан кем емес көлемде, соның ішінде бір сағаты ұлттық спорт түрі бойынша, жоғары білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын жоғары оқу орындарында – аптасына төрт сағаттан кем емес көлемде, соның ішінде бір сағат ұлттық спорт түрлері бойынша», - делінген түзету жобасында.
Әзірлеушілердің айтуынша, «ұлттық спорт түрлерін танымал ету, жастардың бойында патриоттық қасиеттерін және Отанына деген сүйіспеншілікті дамыту», сондай-ақ, «дене тәрбиесі және спортпен айыналысушылардың жалпы санына да оң әсер етеді».

adimage