Ұлы Абайдың мерейтойына орай журналистік награда

Күні: 12:20, 11-08-2020.

Алматы. 11 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстандық журналистиканың дамуына қосқан зор үлесі және ерен еңбегі үшін, сонымен қатар ұлы ақын және ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Райхан Ахметова Қазақстанның құрметті журналисі болды.
Райхан Ұсабекқызы Ахметова – Киров ат. Қазақ мемлекеттік университетінің журналисткиа факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Достық туы» аудандық газетінде бастаған, сосын «Семей таңы» облыстық газетінде, «Ақиқат» республикалық басылымында, «Абай» әдеби-зерттеу журналында, Қазақ энциклопедиясы редакциясында жұмыс жасады. Оның шығармашылығы журналистиканың бірінші жылдарынан бастап-ақ Абайдың көп қырлы ағартушылық және әдеби қызметінің белгісіз деректерін іздестірумен байланысты.
«Біз әлемге Абайды ХІХ ғасырда туған, бірақ ХХІ ғасырдың тілімен сөйлеген ғұлама ретінде таныстыруымыз керек. Бұл ретте біз оны қазақ халқының ұлттық санасының қайта оянуына зор ықпал көрсеткен рухани реформатор ретінде насихаттауымыз керек. Еліміздегі әр азамат Абаймен мақтануы тиіс! Барша азаматты қазақ халқының ұлы баласының мерейтойымен құттықтаймын!» - деп мәлім етті Қазақстан президенті Тоқаев.
Абай Құнанбаев 1845 жылы 10 тамызда дүниеге келген. 2020 жылы Қазақстан оның 175 жылдығын атап өтуде – ұлы ақынның мерейтойы мемлекеттік деңгейде өтуде.


Жаңалықтармен бөлісу: