Алматы. 11 қыркүйек. ҚазТАГ – Ұлыбританияда алдағы 4 жылда электр тоғымен ұшатын таксилер пайда болуы мүмкін, деп хабарлады ТАСС.
The Times басылымының ақпарынша, ерекше ұшу аппараты жергілікті әуежайлардың жүктемесін азайтып, атмосфераға көмірқышқыл газының шығуын қысқартады.
«Ұшатын аппаратты коммерциялық түрде пайдалануды 2022 жылы тиісті қауіпсіздік сетификаттарын алғаннан кейін бастау жоспарлануда», - делінген хабарда. Болашақта әзірлеуші-компания 800 км қашықтыққа дейін ұша алатын ұшқышсыз үлгілерді әзірлемек.
«Тестілеуден өткен үлгі 150 км қашықтыққа дейін 2-ден 4 жолаушылға дейін алып өте алады. Ұшатын таксидің ең жоғары жылдамдығы 300 км/сағ. құрайды. Көлік құралдары жеңіл көміртек талшықтарынан жасалған, ол оны ұшақтан барынша арзан етеді (…) Аппарат әуежайлар мен тікұшақ айлағынан ұшады және сол жерге қонады», - делінген хабарда.
Vertical Aerospace әзірлеуші-компания өкілдері атап өткендей, ұшатын таксилер негізінен қалалар арасында ұшу үшін қолданылады.
«Жолаушылар қала сыртында 60-80 км жерде орналасқан әуежайға барудың орнына үйлеріне немесе жұмыстарына жақын жерден отырып, баратын жерлеріне жақын жерден түсіп қалады», - делінген хабарда.
Еске салсақ, қазіргі таңда ұшатын такси немесе автокөліктерге деген қызығушылық артуда. 2017 жылдың қыркүйегінде Дубайда (БАӘ) әлемдегі ең бірінші ұшқышсыз-такси сынақтан өтті.
Ұлыбритания электр тоғымен ұшатын таксилер жасап шығарды
