Ұлыбритания Лондондағы Эквадор елшілігінде отырған Джулиан Ассанждан жауап алу үшін Швеция прокурорын шақырды

Алматы. 29 қазан. ҚазТАГ – Ұлыбритания Лондондағы Эквадор елшілігінде отырған Джулиан Ассанждан жауап алу үшін шведтік прокурорды шақырды, деп хабарлады британиялық The Guardian газеті.
«Швецияның бас прокуроры сейсенбі күні британия үкіметінің Джулиан Ассанждан оны қамауға алу туралы ордердің күшін жою мәселесіне қатысты Швецияда сот алдындағы тыңдауларға дейін Лондонда жауап алу үшін шақыртуына ерекше мән беріп отырғанын мәлім етті», - делінген сәрсенбі күнгі хабарда.  
Бұл ретте Швецияның бас прокуроры Марианна Ни Лондондағы Эквадор елшілігінде Д.Ассанждан жауап алуға келіссе, Ұлыбритания СІМ үшін барлық жағдай жасауға уәде етті.
«Швеция прокуроры шешсін, бірақ егер ол Асанж мырзаны Лондондағы елшілікке келіп жауап алғысы келсе, біз оған көмек көрсету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Біз шынымен де ондай қадамды белсенді қолдаймыз», - деді Ұлыбритания сыртқы істер министрі Хьюго Свайр қауы палатасында.
Бұл ретте басылым Швецияның аппеляциялық соты Д. Ассанждың адвокаттарының қамауға алу туралы ордердің күшін жою туралы өтінішін келесі аптада-ақ қарауға кірісетінін айтады.
Бұрын хабарланғандай, швециялық прокуратура автралиялық азаматты 2010 жылы жазда Швецияның екі  азаматшасына қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс жасаған деген күдікпен қамауға алуды талап етуде. Күдікті болса өз айыбын толығымен теріске шығарып отыр. Д. Ассанжды қамауға алу туралы еуропалық ордер 2010 жылы 2 желтоқсанда берілгенімен оған әлі ресми айып тағылған жоқ.
Адвокаттар Wikileaks жетекшісінің Эквадо басшылығына жүгінуінің себебі Д. Асанждың Эквадор билігі оны АҚШ-қа экстрадициялауы мүмкін деп қауіптенуінен екенін атап көрсеттеді, себебі оған АҚШ-та тыңшылығы және мемдепартаменттің құжаттарын рұқсатсыз жариялағаны үшін ұзақ мерзімдік түрме мен тіпті өлім жазасы да күтіп тұруы мүмкін.
Еске салсақ, 25 маусымда австралиялық журналист Қазақстан журналистер одағының 2014 жылғы сыйлығымен марапатталды. Оған «Журналистік зерттеу» атауында жеңімпаз деп танылғандығы туралы диплом жіберілді. 18 тамызда Д. Асанж Лондондағы Эквадор елшілігін жақында тастап шықпақшы екендігін мәлім етті.  

adimage