«Прокуратура органдары пайдаланылмай жатқан жер телімдерін анықтау және оларды мемлекетке қайтару бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. (…) Қадағалау актісі негізінде анықталған заң бұзушылықтар нәтижесінде жалпы ауданы 90 мың гектарды құрайтын, кадастрлық құны 147 млн теңгеден асатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды», – делінген хабарламада.
Анықталғандай, Ұлытау ауданында бірқатар жер пайдаланушылар ауыл шаруашылығы жерлерін ұзақ уақыт бойы мақсатына сай пайдаланбаған.
«Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауы аясында қайтарылған жерлерді ауылдық жерде тұратын адал ниетті азаматтарға пайдалануға беруге бағытталған», – деп толықтырды Бас прокуратурада.
Фото көзі: pixabay.com