Ұлытауда жұмысшы шаруа қожалығының басшысын өлтіру ісі бойынша ұсталды

    Жезқазған.3 ақпан.ҚазТАГ- Ұлытауда жұмысшы шаруа қожалығының басшысын өлтіру ісі бойынша ұсталды, деп хабарлайды ҚазТАГ.
   «31 қаңтарда сағат 18:30 шамасында Ұлытау облысы Ұлытау ауданының полиция бөліміне Ұлытау ауылынан 12 шақырым жерде орналасқан қыстаудан 46 жастағы шаруа қожалығы басшысының зорлық белгілері бар мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына облыстық ПД және Ұлытау аудандық ПБ қызметкерлерінен құралған жедел-тергеу тобы жөнелтілді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері аталған шаруа қожалығының 45 жастағы қызметкерін анықтап, ұстады»,- делінген хабарламада.
   ҚР ҚК-нің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
    Күдікті шаруа қожалық басшысымен өзара жанжалдасу кезінде өлтіргенін айтып, кінәсін мойындады. Қылмыс орнынан атқа мініп қашып, ізін жасырмақ болғанымен, полиция қызметкерлері көп ұзатпай далада қолға түсірді. Айғақты заттар тәркіленіп, тиісті сараптамалар тағайындалды.

adimage