Мәдениет және спорт министрі Астанада жаңа жыл түнінде марафонға қатысады

Астана. 29 желтоқсан. ҚазТАГ – Астанада жаңа жыл түні Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысуымен марафон өтеді, деп хабарлады спорт және дене шынықтыру істері комитетінен.
«31 желтоқсан сағ 23.00-де мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысуымен Астана қаласының 20 жылдығына арналған жаңа жылдық марафон өтеді», - делінген хабарда.
Аталған бастаманы ұйымдастыруға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ұйытқы болды.
«Жүгірудің алдында арнайы флеш-моб ұйымдастырылады. Марафонды бастауға сигналды Аяз-ата береді. Старт сағ 23.30 «Бәйтерек» жанынан басталып, «Сулы-Жасылды гүлзар» арқылы «Хан-Шатыр» ССО дейін жалғасады(мұз қалашығы)», - делінген хабарда.
Жаңа жылдық шараға белгілі спортшылар мен елімізге танымал мәдениет қайраткерлері қатысады деп күтілуде. Марафон қатысушылары мен қала қонақтары Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жаңа жылдық құттықтауын Мұз қалашығы аумағына орналастырылған ЛЭД-экран арқылы тамашалай алады.

adimage