Мүгедектер бірлестігі ҚР қаржымині базасындағы тексеруден кейін ғана мемлекеттік сатып алуларға қатыса алады

Күні: 12:06, 04-03-2019.

Астана. 4 наурыз. ҚазТАГ – Мүгедектер бірлестігі Қаржы министрлігінің базасындағы тексеруден кейін ғана мемлекеттік сатып алуларға қатыса алады, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Ағымдағы жылдың басында ҚР мемлекеттік сатып алулар және квазимемлекеттік сектор субьектілеріндегі сатып алулар мәселесі бойынша өзгерістер енгізілген заң күшіне енді. Заңның 51 бабының 3 тармағында көрсетілгендей, тауар өндіретін немесе тауар тасымалдап, қызмет көрсету жұмыстарын атқаратын Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері, мемлекеттік сатып алуларға қатысуға ҚР Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйедегі тексеруінен кейін ғана жіберіледі (мемлекеттік сатып алулар веб-порталы)», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Еңбек министрлігінде нақтылағандай, тексеруден өту үшін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері және (немесе) ҚР мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерімен құрылған ұйымдар, мемлекеттік сатып алулардың веб-порталына қатысуы барысында соңғы 4 салықтық кезеңде (төрт тоқсан) жұмыс істеген жұмысшыларының ЖСН көрсетуі тиіс.
«Бұл мәліметтер ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінде автоматты түрде тексерілетін болады, ал сәйкес келетін немесе сәйкес келмейтін жауап ҚР Қаржы министрлігінің АЖ жіберіледі. Бүгінгі күні екі мекеменің ақпараттық жүйесін біріктіру жұмысы жүргізілді. Тексеру барысы «Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 394 бабының бірінші бөлімінің 11 тармақшасына сәйкес жүргізіледі», - деп түсіндірді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен.
Сонымен қатар, жалпы жұмысшылар санынан, мүгедектердің саны 51 пайыздан аз болмауы керек, өйткені мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінде мүгедектердің еңбек ақысының шығына солай теңестіріледі-51 пайыз. Есту, сөйлеу, көру қабілетін жоғалтқан мүгедектер жұмыс істейтін арнайы ұйымдардарда- жалпы шығынның 35 пайызы еңбек ақыға жұмсалады.
«ҚР мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері және ҚР мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрылтайшысы болып табылатын ұйымдарға тиістілік те тексерілетін болады», - делінген хабарда.
Ведомствода атап өткендей, енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен тауар өндіріп немесе тауар тасымалдап, қызметін көрсету жұмысын атқарып жүрген Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінің және ҚР мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізімін қалыптастыру жүргізілмейді.
«Себебі, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылдың 29 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінде және ҚР мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарда мемлекеттік сатып алулар жүргізу бойынша бірқатар мәселелер туралы» № 1065 Бұйрығы күшін жойды», - деп түсіндірді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен.


Жаңалықтармен бөлісу: