Мүмкіндігі шектеулі жандарға маска тақпауға болады – ҚР денсаулықмині

Алматы. 7 тамыз. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Мүмкіндігі шектеулі жандар маска тақпауға болады, деп мәлімдеді ҚР денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.
«Мүмкіндігі шектеулі жандар да, денсаулығында кінәраты бар балалар да маска тақпаса болады. Тек ата-аналарында сол жағдайды растайтын құжаты болуы керек. Ал егер ондай құжаты болмаған жағдайда, құрамында санитарлық инспекция инспекторлары мен полиция бар мониторингтік топ бұған түсіністік танытады», - деді Қожахметов жұмадағы брифингте.

adimage