Мұнай бағасы барынша түсті

Күні: 11:27, 21-11-2018.

Алматы 21 қараша ҚазТАГ - Сейсенбі күні сауда-саттық қорытындысы бойынша жетекші мұнай биржаларында мұнай бағасы біршама түсті.
Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа бағасы Лондондағы InterContinental Exchange биржасында (ICE) - IСE Brent Crude Futures $62,53 (-4,26)/барр. болды.
Нью-Йорктегі New York Mercantile Exchange биржасында (NYMEX) желтоқсанда мұнай фьючерстерінің орташа бағасы Light, Sweet Crude Oil $53,43 (-3,77)/баррельді құрады.


Жаңалықтармен бөлісу: