Мұнай бағасы коронавирустің дәрісі табылды деген хабардан кейін 3% көтерілді

Алматы. 6 ақпан. ҚазТАГ - Мұнай бағасы коронавирустің дәрісі табылды деген хабардан кейін 3% көтерілді, деп хабарлады Reuters.
«Сәрсенбі күні ғалымдар әлемдік экономикаға қатты әсер еткен тез таралатын коронавируске қарсы тиімді дәрі әзірледі деген хабардан кейін мұнай бағасы 3% астам көтеріліп кетті», - делінген хабарда.
Бұл ретте атап өтілгендей, қытайлық «Чанцзян» басылымының ақпараты бойынша, Чжэцзян университетіндегі зерттеушілер тобы «коронавирусты тиімді тежей алатын» екі жаңа дәрі ойлап тапқан.
Сонымен қатар, Sky News британдық ғалымның екпені әдеттегі екі жылдан үш жылға дейін әзірлеу уақытын 14 күнге дейін қысқартып, екпе әзірлеуде айтарлықтай жетістікке жеткенін хабарлады.
Sky атап өткендей, ол екпенің пайда болуы қазіргі вирустың таралуын тоқтату үшін өте кеш, дегенмен оны әзірлеудің өзі ауру қайта өршіген кезде шешуші маңызға ие болады.

adimage