Мұнай бағасы жақында бұрынғы ең жақсы, барреліне $90-110 диапазонына қайта оралады – РФ энергетика минситрлігі

Күні: 16:08, 22-10-2014.

Алматы. 22 қазан. ҚазТАГ – Мұнай бағасы жақында оңтайлы, баррельіне $90-110 диапазонына қайта оралады, деп хабарлады ТАСС РФ энергетика министрі Александр Новактың айтқанына сілтемелеп.
«Мұнай бағасы жақында бұрынғы, өндірушілерге өте оңтайлы, баррельіне $90-110 диапазонына қайта оралуы мүмкін», - деді сәрсенбі күні министр.  
Ол мұнай бағасының барреліне $80-90-ға дейін арзандауы мұнайгаз саласындағы көптеген жобалардың, оның ішніде АҚШ-тағы да жобалардың іске асырылуын тиімсіз етеді.  «Ол мұнайға деген сұранысты төмендетеді», - деп атап көрсетті А. Новак.
Соңғы күндері мұнай бағасында оң үдерістер байқалуда. Атап айтқанда, 21 қазанда Лондондағы құрылықаралық биржадағы фьючерстік мәмілелерде сессия аяқталу сәтіне Brent қоспасының (Солтүстік теңіздің шельфтерінде өндірілетін мұнайдың әр ұңғыдан алынған қоспасынан тұрады) жеткізіліміне келісімшарт бағасы $0,82-ге көтеріліп, барреліне $86,24-ке дейін барды.
Бұл ретте саудасы әлі жүргізіліп жатқан Нью-Йорк тауарлық биржада да шикізат бағасы көтеріліп келеді. Техасс ашық түсті мұнай бағасы (WTI) сессияның аралық белгісінде қазір онда $82,59-дан сатылуда. Тәулік бойына котировка $0,53-ке көтерілді.
Қытайда сұраныс артуы жағдайында мұнай бағасы көтерілуде. Қара алтынды пайдалану Қытайда қыркүйек айында, тамызбен салыстырғанда, 6,2%-ға артып, тәулігіне 10,3 млн барр-ге жетті, ол ақпаннан бергі ең жоғарғы өсім болды.


Жаңалықтармен бөлісу: