Мұнайдың әлем бағасының құлдырауы еуразиялық интеграцияны жандандыруға стимул болуы тиіс, деп санайды ЕЭК министрі

Күні: 10:54, 13-11-2014.

Алматы. 13 қараша. ҚазТАГ – Мұнай бағасының құлдырауы еуразиялық интеграцияны ынталандыратын болады, деп санайды Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) интеграция және макроэкономиканың негізгі бағыттары жөніндегі коллегия мүшесі (министр) Татьяна Валовая.
«Мұнайдың әлемдік бағаларының құлдырауы Ресей, Қазақстан, Белоруссияның, сондай-ақ бұл үдеріске қатысып отырған басқа да елдердің экономикалық интеграциясын жандандыруға стимул болуы тиіс», - деген Т. Валоваяның дәйексөздерін келтіреді ТАСС агенттігі.
«Қанша қызық болып көрінсе де, мен қазіргі саяси және экономикалық жағдай интеграция үдерісіне позитивті әсерін тигізеді деп ойлаймын», - деп нақтылады ол.
Т. валоваяның пікірінше, ортақ нарыққа қатысушы елдер халықаралық валютаны «шектен тыс пайдаланудан» қашқақтап өздерінікін қолдану арқылы өзара сауданы дамыту есебінен шикізат экспортынан түскен валюталық түсімдердің төмендеуіне жәрдем көрсете алады.


Жаңалықтармен бөлісу: