Мұнайдың әлемдік бағасы айтарлықтай төмендеді

Күні: 10:47, 11-11-2014.

Алматы. 11 қараша. ҚазТАГ – Әлемнің басты мұнай биржаларында дүйсенбі өткен сауда қорытындысы бойынша әлем нарығындағы мұнай бағасы айтарлықтай төмендеді. Мұндай мәліметтер Лондон және Нью-Йорк биржаларының сайтында жарияланды.
Жақын айларда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Лондонда InterContinental Exchange Futures (ICE) - IСE Brent Crude Futures Electronic Futures $82,34 (-1,05)/барр.
Жақын айларда жеткізілетін New York Mercantile Exchange мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Light,Sweet Crude Oil келісімшартына $77,4 (-1,25)/барр. болды.


Жаңалықтармен бөлісу: