Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді

Күні: 08:46, 03-11-2014.

Алматы. 3 қараша. ҚазТАГ – Әлемнің басты мұнай биржаларында жұма өткен сауда қорытындысы бойынша әлем нарығындағы мұнай бағасы төмендеді. Мұндай мәліметтер Лондон және Нью-Йорк биржаларының сайтында жарияланды.
Жақын айларда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Лондонда InterContinental Exchange Futures (ICE) - IСE Brent Crude Futures Electronic Futures $85,86 (-0,38)/барр.
Жақын айларда жеткізілетін New York Mercantile Exchange мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Light,Sweet Crude Oil келісімшартына $80,54 (-0,58)/барр. болды.


Жаңалықтармен бөлісу: