Мұнайдың әлемдік биржадағы бағасы барреліне $88,89 -ға дейін төмендеді

Күні: 09:57, 14-10-2014.

Алматы. 14 қазан. ҚазТАГ – Әлемнің басты мұнай биржаларында өткен сауда қортындысында әлем рыногындағы Brent  маркалы мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды Лондон және Нью-Йорк биржаларының сайты. Жақын айларда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Лондонда InterContinental Exchange Futures (ICE) - IСE Brent Crude Futures Electronic $88,89 (-1,32)/барр.
ICE мәліметтерінше сауда күні баррель мұнайдың бағасы $87 - $90,18 аралығында құбылып тұрды.
Жақын айларда жеткізілетін New York Mercantile Exchange мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Light,Sweet Crude Oil келісімшартына $85,74 (-0,08)/барр. болды.
NYMEX мәліметтеріне сәйкес, сауда күні баррель мұнайдың бағасы $84,07 - $85,87 аралығында құбылып тұрды.


Жаңалықтармен бөлісу: