Мұнайдың әлемдік биржадағы бағасы өсті

Күні: 09:06, 17-10-2014.

Алматы. 17 қазан. ҚазТАГ – Әлемнің басты мұнай биржаларында өткен сауда қортындысында әлем рыногындағы Brent  маркалы мұнай бағасы өсті, деп хабарлайды Лондон және Нью-Йорк биржаларының сайты. Жақын айларда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Лондонда InterContinental Exchange Futures (ICE) - IСE Brent Crude Futures Electronic $84,47 (+0,69)/барр.
ICE мәліметтерінше сауда күні баррель мұнайдың бағасы $82,6 - $85 аралығында құбылып тұрды.
Жақын айларда жеткізілетін New York Mercantile Exchange мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Light,Sweet Crude Oil келісімшартына $82,7 (+0,92)/барр. болды.
NYMEX мәліметтеріне сәйкес, сауда күні баррель мұнайдың бағасы от $79,78 - $84,83 аралығында құбылып тұрды.


Жаңалықтармен бөлісу: