Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының әкімі болып қайта тағайындалды

    Астана.1 желтоқсан.ҚазТАГ- Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының әкімі болып қайта тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
    "Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының әкімі болып қайта тағайындалды»,- деп хабарлайды бейсенбі күнгі хабарламада.
    Әйтенов 2020 жылдың 21 қаңтарынан бері - Шымкент қаласының әкімі қызметін атқарып келеді. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде, ҚР Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі, аппарат басшысы, ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары және Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

adimage