Мәсімов шенеуніктерді елдегі реформаларды жүргізуге адекватты әрекет етуге шақырды

Күні: 10:57, 14-11-2014.

Астана. 14 қараша. ҚазТАГ – Нұргүл Жігер. ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов шенеуніктерді елдегі реформаларды жүргізуге адекватты әрекет етуге шақырды.
«Егер басқару жүйесінде оны жүргізіп отырған адамдар ағымдағы сәтке адекватты әрекет ете алмаса, кез келген құрылымдық немесе басқа да реформаның сәтсіздікке ұшырауы ешкімге жасырын емес. Тіпті ең жақсы идеяның өзі қор болуы мүмкін», - деді К. Мәсімов жұма күні «Сарапшы-200» атты ұлттық бизнестің экономикалық форумында.
Үкімет басшысы 2014 жылдың ортасында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚР үкіметінің құрылына өзгерістер енгізу шешімін қабылдағанын еске салды.
«Президенттің жеткізген жаңа жолдауы берекелі негізге орнығуы үшін тиісті заңнамалық өзгерістер қабылданды. Әлемдік экономика шайқалақтап, шикізат ресурстарының бағасы тарихи минимумдарды бұзып жатқан турбулент кезеңінде контрциклді бюджет саясатын жүргізу қажет», - деп атап өтті премьер.
Хабарланғандай, ҚР президенті 11 қарашада өзінің Қазақстан халқына жолдауымен сөз сөйледі. Мемлекеттік басшысы республикада «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының енгізілуі туралы жариялады. Дағдарысқа қарсы шара ретінде мемлекет басшысы ұлттық қордан жыл сайын 2015, 2016, 2017 жылдары Қазақстан экономикасының дамуын қолдауға $3 млрд бөлуді тапсырды.


Жаңалықтармен бөлісу: