Астана. 5 қазан. ҚазТАГ – Оксана Скибан. Парламент мәжілісінің депутаты Айқын Қоңыров Қазақстан премьер-министріне төртінші мұнай өңдеуші зауыт (МӨЗ) құрылысынан бас тарту себептерін түсіндіріп беруді сұрап жүгінді.
«Халықтық коммунистер» фракциясының депутаттық сұрауы ҚР премьер-министріне бағытталған және ЖЖМ нарығындағы проблемаларға қатысты (...). Мұнай-газ секторын дамытудың іс басындағы бағдарламасы қайта өңдеу бөлігінде сондай-ақ үш зауыттың қайта құрылуына саяды, жалпы алғанда нарықтың тиімді қызмет ету көрінісіне ие емес. Бүгін төртінші МӨЗ құрылысынан бас тарту шешімі қабылданды. Бұны саяз шешім деп есептейміз, себебі жаңа МӨЗ жалғыз өндірістің ұлғаюына ғана емес, сонымен қатар бәсекелестік деңгейін арттыру үшін де қажет. Қазіргі таңда дәл сол монополиялау, бұлыңғырлық, өндірісті тежеу, саудагер нарығын қалыптастыруға арналған жасанды тапшылық нарықты тұрақсыздандырып отыр», - деп хабарлады А. Қоңыров сәрсенбі күні палатаның алқа отырысында өз сұрауын жолдап.
Депутат түсіндіріп бергендей, осыған байланысты үкімет басшысынан туындаған сауалдарға жауап алу күтілуде.
«Фракция («Халықтық коммунистер» - ҚазТАГ) келесідей сауалдарға жауап беруіңізді сұрайды, нақтырақ айтқанда: ҚР президентінің 2014 жылдың 17 қаңтарындағы Қазақстан халқына жолдауында айтылған төртінші МӨЗ құрылысынан бас тарту шешімі қандай себептерге байланысты қабылданды? Ішкі нарықта мұнай өнімдерінің бағасы бойынша қандай ұзақмерзімдік мақсатты бағдарлар бар? Мұнай өнімдерін сату нарығындағы бәсекелестікті дамыту үшін қандай шаралар қабылданып жатыр? Мұнай бағасының төмендеуі кезінде жанар-жағармай материалдарының ішкі бағасын төмендетуге арналған әрекетті тетігін құру бойынша үкіметте жоспар бар ма, жауабыңызды күтеміз», - деп санамалап берді ол.
Мәжілісмен сондай-ақ жасанды жасалған тапшылық кезеңінде ЖЖМ сапасының күрт төмендеп кетуіне қарай автокөлік қожайындарының көптеген шағымдарына байланысты мәселелер бар екенін толықтыра кетті.
«Аталған саладағы азаматтарымыздың құқықтарын қорғау бойынша өкілетті органдардың жұмыс нәтижелері туралы ақпарат ұсынуыңызды сұраймыз. Және соңғысы: жанармай дағдарысын жасауға жауапты тұлғалар шеңбері анықталды ма, және оларға қандай жаза тағайындалды?», - деп талап етті мәжілісмен.
А. Қоңыровтың айтуынша, Қазақстан мұнай өңдеуші 20 ірі елдің арасында бола тұрып, кезекті рет жанармай дағдарысын басынан кешіріп отыр.
«Мұнай өнімдерінің жетіспеушілігінен, олардың қымбаттауынан, парадокс болса да, сапасының төмендеуінен көрініс тапқан дағдарыс (...)», - деп қорытты ол.
Депутаттың есептеуінше, жанармай дағдарысының шынайы себебі ішкі нарықты мұнай өнімдерімен және газбен қамтамасыз етудегі мемлекеттік саясаттың сыр беруінде.
«Жанармай дағдарысының шынайы себебі бензиннің төмен бағасында-мыс деген әңгімеде емес, мемлекеттік мұнай-газ саясатының кідіріуінде деп топшылаймыз. Оған мұнай өнімдерінің импортына шұғыл түрде келісім-шарт жасау қажеттілігінің мәжбүрлігі туғаны айғақ бола алады. Өкінішке қарай, республикада отандық мұнай өңдеу саласын ұзақмерзімді дамытудың анық сұлбасы жоқ. Ол мерзім бойынша ұдайы жылжып отыратын іс басындағы МӨЗ жетілдіру жоспарларымен ауысып отырады», - деп түйіндеді А. Қоңыров.
Қатысты сілтемелер
-
Токаев ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясының президентін қабылдады6 Маусым 2023, 17:11
-
Алматы мен Ашхабад арасындағы әуе қатынасы қалпына келтірілді6 Маусым 2023, 17:06
-
Жыл басынан бері 8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас статусын алды6 Маусым 2023, 17:01
-
Қазақстанда бір аптада 15 адам суға кеткен6 Маусым 2023, 16:56