Мәскеу – Бейжің ұшағы Шереметьевода апаттық қоным жасады

Күні: 10:23, 07-11-2014.

Алматы. 7 қараша. ҚазТАГ – Мәскеуден Бейжіңге қарай ұшқан ұшақ күш беретін қондырғының істен шығуы салдарына кері оралды, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.
Әңгіме Ресей астанасынан 21.24 мск уақытта ұшып кеткен «Аэробус-330-300» жайында болып отыр.
«Бортта күш беретін қондырғының істен шығуы тіркелген, сонан соң экипаж ұшу әуежайында апаттық қоным жасауға шешім қабылдады», - деп хабарлады агенттікке Шереметьево әуежайынан.
Әңгімелесушінің айтуынша, оқиға нәтижесінде ешкім зардап шекпеген, барлық жолаушылар терминалға қайтарылған.
«Алдағы уақытта олар баратын жерлеріне басқа бортпен жетеді», - деп атап өтті әуежайдағылар.


Жаңалықтармен бөлісу: