Мәскеу ММУ жатақханасында көз жұмған қазақстандық студенттің денесі Қазақстанға жөнелтілді

Күні: 16:44, 28-02-2019.

Алматы. 28 ақпан. ҚазТАГ – Мәскеудегі Ломоносов ат. жатақханада көз жұмған қазақстандық студент Темірлан Керібаевтың денесі Қазақстанға жөнелтілді, деп хабарлады РФ-дағы ҚР елшілігінің баспасөз қызметінен.
«27 ақпанда барлық қажетті рәсімдер жасалғаннан кейін қазақстандық студент Темірлан Керібаевтың денесі ұшақпен Қазақстанға жөнелтілді. Ресейдегі Қазақстан елшілігі Т.Керібаевтың туыстарына денесін тасымалдауға қажет барлық құжаттарды рәсімдеуге көмектесті, сондай-ақ азаматтық жаназасы ұйымдастырылды. Темірланмен қоштасуға оның достары, курстастары мен ЖОО өкілдері келеді. Темірланның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз», - делінген хабарда.
Еске салсақ, 25 ақпанда хабарлағандай, қазақстандық студент Т.Керібаев Мәскеуде ММУ жатақханасында көз жұмған.
26 ақпанда Т.Керібаевтың өліміне ҚР СІМ түсінік берді.
«2019 жылдың 25 ақпанында Ломоносов ат. ММУ жатақханасында шамамен 18.00-де ҚР азаматы 1985 жылы туылған Керібаев Темірлан өлі күйде табылды. Ол аталмыш университеттің 5 курс студенті болған. Өлуінің алдын-ала себебі – буындыру. Темірлан Никулинскийдің өлімі бойынша Мәскеудің тергеу басқармасының ауданаралық тергеу бөлімі тергеуге дейін тексерісті бастады», - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.


Жаңалықтармен бөлісу: