Мәскеуде «Алма-Атинская» метросы болмайтын болды – БАҚ

Алматы. 27 ақпан. ҚазТАГ – Мәскеулік салынып жатқан метроның «Алма-Атинская» бекетінің аты бұрынғысынша, жобадағы «Братеево» деп аталатын болды, деп жазады «Российская газета».

«Мәскеу мэрі Сергей Собянин «Алма-Атинская» бекетінің атын бұрынғысынша «Братеево» деп атау туралы мәселе көтеріп жүрген тұрғындардың талабын қанағаттандырды», - деп жазады басылым.

Бұрындары ресейлік БАҚ-тар хабарлағандай, мәскеулік «Братеево» аудан тұрғындары Мәскеу мэріне хат жазып, салынып жатқан метро бекетінің атын өзгертуді талап еткен. Хатқа 1,2 мың мәскеулік тұрғын қол қойған.

Ал Алматыдағы «Метрополитен» МКК алматылық метроның «Московская» аты өзгертілмейді деп атап көрсетті.

«Бекітілген құжаттар бойынша, бір бекет, «Московская» деп аталады. Оның атын әзірге ешкім өзгертуді қолға алып жатқан жоқ», - деді баспасөз қызметінен.

Еске салсақ, Мәскеу меросының бір бекетіне «Алма-Атынская» ал Алматыда «Московская» бекет атын беру туралы уағдаластық 2010 жылы, сол кездегі Мәскеу мэрі Юрий Лужков пен Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Зауытбек Тұрысовтың келіссөздерінің нәтижесінде қол жеткізілген болатын.  


adimage