Мәскеуде Шереметьевода ұшақ өртеніп 40-тан астам адам қаза тапты

Күні: 10:01, 06-05-2019.

Алматы. 6 мамыр. ҚазТАГ – Мәскеуде Шереметьевода ұшақ өртеніп 40-тан астам адам қаза тапты, деп хабарлады ТАСС.
«Мәскеуден Мурманскіге бара жатқан SSJ-100 жолаушылар ұшағы апатты қону барысында Шереметьево әуежайында өртенген. Тергеу комитетінде 78 адамның 41-нің көз жұмғанын растады», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, ұшақ Мәскеу уақытымен шамамен 18.00 (21.00 аст) Шереметьеводан ұшып шығып, Мәскеу облысының үстінен бірнеше рет айналып, бірден төмен қарай құлдилаған. Шамамен 18.40-та қонған, сол кезде өртенген.
«Шереметьево әуежайында Sukhoi Superjet 100 ұшағы бортының өртенуінің негізгі себебі - найзағайдың түсуі», - делінген хабарда.
Ресей премьері Дмитрий Медведев ТЖ жағдайын тексеру үшін мемлекеттік комиссия құруды тапсырды.
«Шереметьево әуежайында SSJ-100 жолаушылар ұшағының апатты жағдайда қонуы бойынша қылмыстық істі тексеру Ресей тергеу комитетінің орталық аппаратына берілген», - деп хабардар етті ведомствоның ресми өкілі Светлана Петренко.
Ұшақ апатынан кейін Шереметьево шектеулі режимде жұмыс жасап жатыр, екі ұшу-қону жолағының тек екеуі ғана ашық.


Жаңалықтармен бөлісу: