Мәскеуде ТМД мемлекеттерінің 2020 жылға дейінгі әскери ынтымақтастығы тұжырымдамасын талқылайды

Алматы. 7 қараша. ҚазТАГ – Мәскеуде 11 қарашада Тәуелсіз мемлекеттер достастығына (ТМД) мүше-мемлекеттерінің қорғаныс министрлер кеңесінің отырысы өтеді, деп хабарлады ТМД атқарушы комитетінің баспасөз қызметінен.  
«Кездесу күн тәртібінің жобасына ТМД кеңістігінде әскери салада өзара тиімді көпжақты ықпалдастықтың жүйесін одан ары дамытуға бағытталған 20-дан астам мәселелер кірді», - делінген Атқарушы комитет (Атком) сайтында жарияланған хабарда.  
Мысалы, әскери ведомство басшылары ТМД мемлекеттерінің 2020 жылға дейінгі әскери ынтымақтастық тұжырымдамасын, әскери кадрларды дайындау, қайта дайындау, біліктілігін көтеру, теңіз жаяу әскерлері жеке құрамы мен су үстіндегі кемелердің экипаждарының арасында далалық және теңіздік дайындық бойынша «Каспий теңізі - 2015» халықаралық байқауын және ТМД елдерінің әскери күштерінің әскери қызметкерлерінің әскери-кәсіби шеберлік жарысын өткізу, гуманитарлық минасыздандыру саласындағы ынтымақтастық пен әуе және ғарыш шабуылынан қорғанысты дамыту, 2015 жылы әуе шабуылынан қорғанудың біріккен жүйесінің бірлескен шараларын өткізу мәселелерін талқыламақшы.  
Одан басқа, әскери ведомство басшылары әуе шабуылынан қорғаныс, Достастық елдерінің қарулы күштерінің метрологиялық қызметі мәселелерін қарастырып, сондай-ақ қаржылық-шаруашылық және ұйымдастырушылық мәселелерін қарастырмақшы.
ТМД-ға мүше-мемлекеттерінің қорғаныс министрлер кеңесінің құрамына Әзербайжан, Армения, Беларусия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан өкілдері кіреді.

adimage