Мәскеудегі ХШЖК аумағындағы «Қазақстан» сауда-көрме орталығын қайта жаңартуды аяқтауға Т1,75 млрд бөлу жоспарлануда

Астана. 23 қыркүйек. ҚазТАГ – Мәскеудегі Халық шаруашылығының жетістіктері көрмесі (ХШЖК) аумағындағы «Қазақстан» сауда-көрме орталығын қайта жаңартуды аяқтау үшін Т1,75 млрд бөлу жоспарлануда, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне Мәскеу қаласындағы Халық шаруашылығының жетістіктері көрмесі аумағындағы «Қазақстан» сауда-көрме орталығын қайта жаңартуды уақтылы аяқтау үшін Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігіне аудару үшін 2020 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 1 751 000 000 (бір миллиард жеті жүз елу бір миллион) теңге сомасында қаражат бөлінсін», - делінген үкімет қаулысының жобасында.
Аталмыш қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қаржы министрлігіне тапсыру көзделген.

adimage