Мәжіліс қаржы нарығы және микроқаржылық қызмет жөніндегі түзетулерді мақұлдады

Күні: 18:15, 29-05-2019.

Астана. 29 мамыр. ҚазТАГ – Парламент мәжілісі қаржы нарығы және микроқаржылық қызмет жөніндегі түзетулерді мақұлдады, деп хабарлады төменгі палатаның баспасөз қызметінен.
«Алқа отырысында мәжіліс депутаттары екінші оқылымда қаржы нарығы мен микроқаржы қызметін реттеу және дамыту мәселесі жөніндегі заңнамалық түзетулерді мақұлдады», - деп хабарлады сәрсенбіде мәжілістен.
Палатада атап өткендей, заң жобасында депутаттардың бірінші оқылымда заң жобасын талқылау барысында айтқан ескертулері мен ұсыныстары ескерілген. Атап айтсақ, Ұлттық банктің валюта заңнамасында анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі талаптарын орындамағаны үшін банктердің жауапкершілігі, кредиттеу нарығындағы жүйелі проблемаларды жедел жою және заем алушылар мүддесін қорғау мақсатында микрокредиттеу субъектілерінің құзырлы органдарда есептік тіркеу және әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеу мерзімін 2021 жылдың 1 қаңтарынан 2020 жылдың 1 шілдесіне ауыстыру.


Жаңалықтармен бөлісу: